АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. Qazaq Air әуекомпаниясының әуе лайнер капитаны 15 қаңтарда Атырау– Ақтөбе бағыты бойынша ұшуға тиісті болатын, қанында алкоголь анықталып рейсінің аталмыш рейсті орындаудан босатылды. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Резервті экипажды күту барысында IQ396 рейсі 2017 жылдың 16 қаңтарына, Астана уақыты бойынша сағат 7:00 ауыстырылды.
"Qazaq Air әуекомпаниясы жолаушыларынан туындаған қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрайды", — делінген таратылған хабарламада.
Рейске барлығы 46 жолаушы тіркелген. Ұшу уақытының өзгеруіне байланысты Атырау қаласында қалуға тура келген 20 жүргінші жолаушы қонақ үйлерге жайғастырлып, көлік және аспен қамтамасыз етілді. "Бүгін жоспарланған уақыт бойынша IQ396 рейсі ұшырылды", — деп хабарлады команияда.
Аталмыш уақиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында Qazaq Air әуекомпаниясы ішкі қызмет тексеріс жұмыстарын бастап, тергеу жүргізіп, пилотты толықтай медициналық тексерістен өткізетінін хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы мен қосымша ақпарат белгілі болғаннан кейін міндетті түрде ұсынылатынын, хабарлады компанияда.