Оқиға

Qazaq Air ұшқышы ұшулардан шеттетілді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуAirbus A330 ұшағы
Airbus A330 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе кемесі командирінің қанында алкогольдің анықталуы салдарынан Атырау-Ақтөбе-Шымкент рейсі 13 сағатқа дерлік кешіктірілді

АСТАНА, 16 қаң — Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясының кешіктірілген Атырау-Ақтөбе-Шымкент рейсінің ұшқышы қанында алкогольдің анықталуына байланысты ұшулардан шеттетілді, деп хабарлады Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Атырау Халықаралық әуежайының ақпараты бойынша,  15.01.2017 күні жергілікті уақытпен сағат 17:37-де Атырау-Ақтөбе-Шымкент бағыты бойынша рейсті орындайтын "Казақ Эйр" АҚ экипажы әуе кемесінің командирі Муноз бен екінші ұшқыш Эспедоны ұшар алдындағы медициналық тексеруден өткізу кезінде  кезекші дәрігер әуе кемесінің командирі Муноздан қан қысымының жоғары екенін (173/110), жүрек қағысының жылдамдығын (109), аузынан алкоголдің иісі шығып тұрғанын байқаған және алкотестер спирттік ішімдік қолданғанын дәлелдеген. (0,18 промилле). 

Турар Исмаилов - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұшқыш Бішкек түбіндегі апат туралы: тұманды ғана кінәлауға əлі ерте

Әуе кемесінің командирі "Казақ Эйр" АҚ өкілімен және медициналық пункттің қызметкерімен Атырау қаласының наркологиялық диспансеріне жіберілді. Онда жасалған сараптама жоғарыда көрсетілген фактіні растады. Алкотестер нәтижесі бойынша 0,18 промилле мен алкоголь пайдаланғаны дәлелденді.

Экипаж мүшесін ауыстырғаннан кейін рейс уақытынан 12 сағат 45 минут кешігіп ұшты. Ұшуларды орындау ережесінің 101 бабына сәйкес, экипаж мүшелері  алкоголь пайдаланғаннан кейін, сондай-ақ, қан құрамында алкоголь табылған жағдайда 24 сағаттан ерте өз міндетін орындауға жіберлмейді.

Әуе кемесінің командирі Муноздың Испания авиация билігі берген авиациялық қызметкер куәлігі бар. Аталған экипаж ұшуды орындаудан шеттетілді.

Әуекомпанияның басшылығы және командалық-басшылық құрамы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапты. Аталған жағдайда әуекомпанияның басшылығы тарапынан тиісті қадағалау қамтамасыз етілмегендіктен экипаж ұшу алдындағы демалысты бұзып отыр. Соның салдарынан рейс уақытында ұшпай, ұзақ уақытқа кешікті.


Жаңалықтар
0