АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Мәжіліс депутаты Галина Баймаханованың пікірінше, халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың өліміне ХҚКО-ның келушілер легін қабылдауға дайын еместігі және азаматтардың "заңға бағынушылығы" себеп болды.
"Біздің заңға адал азаматтарымыз мүмкіншілігін ойламастан айтылған норманы бірден орындауға тырысады. Өзін жайсыз сезініп тұрса, бармаса да болар еді ғой? Бір жағынан, ХҚКО-ның дайын еместігі де бар", — деп пікір білдірді Баймаханова.
"Қағидалар реттелгенімен, кейінгі әрекеттер асығыс-үсігіс жасалды. Мейрам кезі болғандықтан, бәрі жетіп келеді деп ешкім ойлаған жоқ. Ал, біздің заңға адал азаматтарымыз тезірек тіркеліп алуға тырысты. Бұл ХҚКО-ның дайын еместігі, олар адамдардың мұнша легін күткен жоқ. Бар болғаны сол", — дейді депутат.