Оқиға

БҚО-да газшылар келіп кеткен соң әйел адам иіс тиіп көз жұмды

© Sputnik / Табылды КадырбековОт
От - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам қазасының себептерін тергеу барысында газ компаниясының екі қызметкері ұсталды

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Ақсайда газшылар үйінің түтіндігін тазалап кеткен соң әйел адам иіс газынан уланып қаза тапты. Онымен бірге жас балалары да уланып қалған екен, бірақ дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алды деп жазады "Уральская неделя" газеті.

Өрт  сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өрт сөндірушілер Алматыда өртенген мейрамханадағы жарылыстың алдын алды

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 10 қаңтарда Ақсайда болған. 37 жастағы Алмагүл Рамазанова иіс газынан уланып, оны аудандық ауруханаға жеткізген. Әйел адам есін жимастан көз жұмады. 2013 жылы туылған егіз балалары да үйде болыпты, бірақ дәрігерлер оларды құтқарып қалды.

Қаза тапқан әйелдің туысы Сағат Бурбаевтың айтуынша, оқиғадан бір күні бұрын Рамазанованың үйінде газшылар түтіндікті тазартқан екен.

Әйел адамның қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ізіне түсу операциясы аясында "ОралГазАймақ" ЖШС-нің екі қызметкері ұсталды. Түтіндікті тазартқан құралдары алынды.   

Жаңалықтар
0