АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Air Astana әуе компаниясының Астанадан Бішкекке бағытталған KC 152 рейсі межелеген жерге дүйсенбі күні 12.30-да қонуы тиіс еді, алайда апатқа байланысты кейінге қалдырылды деп хабарлады Астана әуежайы.
Алматы әуежайынан Air Astana әуе тасымалдаушысының Embraer ERJ-190 рейсі Қырғыз астанасына 18.00-де аттануы тиіс.
"Манас" әуежайы жүк ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жабылған.