АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Бішкек әуежайына қонып үлгермей, саяжай ауылына құлаған жүк ұшағы Turkish Airlines әуекомпаниясына емес, жеке түрік әуе компаниясы АСТ Airlines-қа тиесілі.
Әуе компания сайтында Гонконг-Бішкек рейсін атқару барысында ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы мәлімет пайда болған.
Boeing 747-400 жүк ұшағы "Манас" халықаралық әуежайынан 1,5 километрдей жерде апатқа ұшырады. Ұшақ әуежай маңындағы саяжай ауылға құлаған, апат барысында 32 үй қирады. Boeing Гонконг-Бішкек-Стамбул маршруты бойынша рейсті атқарған. Экипаж құрамында бес адам болған екен. Жалпы құрбандар саны – 37 адам.