АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. Құрманғазы аудандық соты Атырау облысы Дашино ауылының 46 жастағы тұрғынына үкім шығарды, оған бірнеше мәрте өз жұбайын зорлады деген айып тағылған деп жазады "Ақ жайық" аймақтық басылымы.
Әйелдің сөзіне сүйенсек, күйеуі үнемі зорлық-зомбылық көрсетіп отырған, сөйтіп бір жолы ол полицияға арыз береді. Тағайындалған сараптама оның сөздерін растады. Ер адамға қарсы ҚР ҚК 121 бабы 2 бөлігі 4 пункті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Сот ер адамды айыпты деп танып, бес жылға шартты түрде соттады, — дейді Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахимов. – Жаза қолданар кезде сотталушының жасаған ісіне өкінгендігі, жәбірленушінің кешірім беруі және жанұяда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың болуы ескерілді".