Спорт

"Слован" – "Барыс": екінші кезең дерті қайта оралды

© Официальный сайт ХК "Барыс"ХК "Слован" - "Барыс" - 4:1
ХК Слован - Барыс - 4:1 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Братиславтық "Слован" Құрлықтық хоккей лигасының жүйелі маусымындағы матчта қазақстандық "Барысты" жеңді

АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түні Братиславада жергілікті "Слован" командасынан 1:4 есебімен ұтылды.

ХК Барыс - Медвешчак - 5:4 - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Барыс" пен "Медвешчак" ҚХЛ-да күннің ең нәтижелі ойынын көрсетті

Өткен жылдың соңында қазақстандық команданың сәтсіз ойындарынан соң бапкері Эдуард Занковец бір заңдылықты баса көрсеткен болатын: "Барыс" ойынның екінші кезеңінде ұтылады. 

Братиславада өткен матч та соның бір дәлелі болды. Бірінші периодта теңбе-тең ойын көрсеткенімен, екінші жиырмаминуттықта "Барыс" 0:3 есебімен ұтылды – айдын иелері арасынан Джеф Тэйфф, Патрик Лушняк және Ник Пластино ерекше көзге түсті.

Үшінші периодта "Барыс" қарсыластың қақпасына шабуылды үдеткенімен, бір-ақ рет өз дегеніне қол жеткізді: Брэндон Боченски гол соқты. Алайда ойынның бітуіне алты минут қалғанда, "Слован" "Барыс" қақпасына тағы бір шайба түсірді.

Бұл жеңілістен соң қазақстандық клуб 71 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында тұр. Келесі ойынды 16 қаңтар күні өз алаңында Уфадан келген командаға қарсы өткізеді. 

Жаңалықтар
0