АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Қазақстанның бүкіл аумағында 2017 жылы 16 қаңтарда террорлық қауіптің "сары" деңгейі алынады деп хабарлады Республикалық антитеррорлық орталық.
"Бұл шешімді Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы Қазақстан Республикасы президентінің 2013 жылы 9 тамызда қабылданған " Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" № 611 жарлығына сәйкес қабылданды", — делінген хабарламада.
Діни радикалдардың белсенділігі салдарынан Қазақстанда 2017 жылғы 15 қаңтарға дейін террорлық қауіптің "сары" деңгейі енгізілген.