АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз қылықтарын әшкерелеу мақсатында ғаламторда мониторинг жүргізбекші деп хабарлады ведомство төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.
Оның айтуынша өткен жыл ішінде агенттік этикалық талаптарды бұзғаны үшін 200 мемлекеттік қызметкерді тәртіптік жауапқа тартқан. Кейбіреулеріне қатысты жұмыстан шығару шарасына дейін қолданылған.
"Бұл сұмдық жағдай. Ақмола облысы Бурабай ауданында жоғары лауазымды тұлғалар мас күйінде төбелескен. Біреуі жұмыстан қуылып, екеуінің лауазымы төмендетілді", — деп қорытты Шаимова.