АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Бурабай демалыс орнының жұмыстан шығарылуға тиісті шенеуніктері мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақыттағы өзін-өзі ұстау ережелерін бұзды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.
29 қараша күні Мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола департаментінің этика жөніндегі кеңес отырысында ҚР мемлекет қызметкерлерінің этикалық кодексі нормаларын бұзған әкімнің орынбасары Құдайбергенов, Бурабай аудандық әкімшілігінің аппарат басшысы Жауков пен Бурабай ауылы әкімі Темербековтың дисциплинарлық ісі қаралды.
Олар 2016 жылы 6 қарашада "Шаңырақ" кафесінде болған оқиғаға қатысқан.
Кеңес Құдайбергенов пен Жауковты жұмыстан шығарып, ауыл әкіміне ескерту жасауды ұсынды.