Оқиға

Ақмола облысында төбелескен аудандық әкімдік қызметкерлері жұмыстан шығарылуы мүмкін

© Pavlofoxашу-ыза
ашу-ыза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті дәмханадағы төбелескен шенеуніктерді жұмыстан шығару ұсынылды.

АСТАНА, 29 қар – Sputnik. Ақмола облысында әдеп жөніндегі кеңес төбелесте көзге түскен Бурабай шипажайының екі шенеунігін жұмыстан шығаруға ұсыныс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі. 

Бурабай аудандық әкімдігінде бүгін мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста 2016 жылғы 6 қарашада Бурабай кентіндегі "Шаңырақ" дәмханасында болған оқиға тыңдалды. Бұл жерде Бурабай ауданы аппаратының жетекшісі мен оның орынбасары арасында төбелес шыққан. 

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес төбелеске қатысы бар  Бурабай ауданы аппаратының жетекшісі мен оның орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды. Тағы бір шенеунікке қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланды. 


Жаңалықтар
0