АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Қарағанды орталық әмбебап дүкені тағы да телефон терроистінің құрбанына айналды, ол сауда ғимаратына бомба қойылғандығын жеткізген деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров
13 қаңтар күні сағат 10.01-де белгісіз бір ер адам хабарласып, ЦУМ-ға жарылғыш құрылғының орнатылғанын жеткізген. Оқиға орнына қаланың жедел қызметтері аттанды. Ғимараттан 400 адам эвакуацияланды.
"Қарағанды облысы ІІД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері ғимаратты мұқият тексеріп шықты. Ешқандай жарылғыш құрылғы табылмаған. Михайлов полиция бөлімінің қылмыстық полиция қызметкерлері 25 жастағы қала тұрғынын қолға түсірген. Оның ұялы телефоны алынды. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 273 бабына сәйкес сот алды тергеу ісі басталды", — деп хабарлады Құдияров.