Спорт

"Торпедо" жүйелі маусымда көшбасшылығын сақтап қалды

Жазылу
Өскемендік "Торпедо" Жоғары Хоккей лигасы жүйелі маусымының үй матчында үш ұпай алды

АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Өскемендік "Торпедо" хоккей клубы бейсенбіде өткен Жоғары Хоккей лигасы жүйелі маусымының нижнетагилдық "Сптникпен" кезекті үй матчында 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

ХК Торпедо - Рубин - 3:1 - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Торпедо" ЖХЛ жүйелі маусымында бірінші орында

Бұл кездесудің алғашқы кезеңі голсыз аяқталды, екінші кезеңде командалар екі реттен гол алмасты. Алдымен торпедалық Евгений Белхин 22-минутта есеп ашты, 13 минут өткен соң Ильдар Валеев есепті теңестірді. Кейіннен Михаил Мокин кездесудің 35-ші минутында қонақтарды алға шығарды. Ал Алексей Иванов 37-ші минутта тепе-теңдікті қалпына келтірді. 

Үшінші кезеңде оқиға алдымен ұқсас сценариймен дамыды: 46-шы минутта Леонид Метальников "Спутниктің" қақпасына үшінші шайба кіргізді. Ал Евгений Гасников 50-ші минутта қарсы гол салды. 

Бірақ кейіннен Евгений Рымарев пен осы ойында дубль салған Белухин матчың ақырғы есебін орнатты. 

Осы жеңістен кейін "Торпедо" ЖХЛ жүйелі біріншілігінің кестесінде бірінші орнын сақтап қалды. 

Жаңалықтар
0