АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Өскемен хоккей клубы "Торпедо" сәрсенбі күні Тюмень қаласында жергілікті "Рубинді" 3:1 есебімен ұтып, Жоғары хоккей лигасы жүйелі маусымының турнирлік кестесінде көшбасшы атанды.
Тюмендегі кездесудің бірінші периодында өскемендік Андрей Белозеров пен Никита Михайлис айдын қонақтарын алға оздырды, екінші периодта Алексей Ложкин есеп айырымын кемітсе, соңғы жиырмаминуттықта Талғат Жайлауов ойынның соңы голын соқты.
Бұл күні қарағандылық "Сарыарқа" 3:0 есебімен "Зауралье" командасын ойсырата ұтты — Валерий Поляков, Олег Ломако және Артур Сарваров гол соққан. Сөйтіп, "Торпедо" 79 ұпаймен ЖХЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға орнықты.