Оқиға

БЖЗҚ ісі: Ерденаев қажетті мәміле жасау үшін қызметкерлеріне "қысым жасаған"

© SputnikСтраница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране мобильного телефона
Страница сайта казахстанского Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ) на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерденаевтың нұсқалығымен БЖЗҚ жалан құжаттарға қарамастан 5 миллиард теңгеге бағалы қағаздар сатып алған

АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бірыңғай жинақталған зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын талан таражға салу бойынша аты шулы істің мән-жайын ашты, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БЖЗҚ ісі: қамауға алынған басшылардың есімі белгілі болды

Тергеу деректеріне сәйкес, "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев "Бузгул Аурум" компаниясының 500 мың облигациясын жедел сатып алу үшін бағынуындағы қызметкерлеріне "қысым жасаған". Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахытов бастапқыда күмәнді мәміледен бас тартуды ұсынған, алайда уақыт өте ол мұндай инвестициялады қауіпті деп санауды қойған. Нәтижесінде БЖЗҚ  Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағариннің жасанды құжаттар ұсынғанына қарамастан 5 миллиард теңгеге бағалы қағаздар сатып алған. ҰҚК болжамы бойынша қаражат "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың қалтасына түскен. 

Бөтеннің сеніп тапсырған қаражатын талан таражға салды деген күдікпен төрт адам қамауға алынған. Кінәлары дәлелденген жағдайда олар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. 

 

Жаңалықтар
0