АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Қазақстан ЕАЭО аясында көліктің кез келген түрімен ел аумағы арқылы транзитке рұқсат берілген Қырғызстанның ет-сүт өнімдерінің тізімін кеңейтті деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БАҚ дүйсенбі күні хабарлағандай, Қазақстан өз аумағында автомобилді көлікпен қырғыз ет және сүт өнімдерінің транзитіне тыйым салған болатын. Сонымен қатар, биылдан бастап ветеринарлық бақылауға тиісті өнімдерді теміржол арқылы тасымалдауға болатыны мәлімделген.
Қырғыз министрлер кабинетінің берген мәліметінше, бұдан бұрын транзитке рұқсат етілген қырғыз тауарларының 14 тобына қоса, тауарайналымын ұлғайту үшін қазақстандық тарап 1 қаңтардан бастап, өнімдер тізімін 86 қосымша топқа кеңейтті. Тауарлар тобының 40-ын көліктің кез келген түрімен тасымалдауға болады, 46-сы – пломбаланған вагондарда теміржол арқылы тасымалданады. Бұл тауарлар тобы өңделмеген мал өнімдері санатына жатады.