АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын техникамен жабдықтап, жайғастыру және сынақ зертханаларын жаңарту үшін, Қазақстан 7,5 миллион доллар көлемінде алғашқы транш бөледі деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің сайты.
2016 жылы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев пен Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында өткен келіссөздер нәтижесі бойынша еуразиялық экономикалық интеграция аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім мен екі ел үкіметтерінің арасында көмек беру және оның қолданылуын қадағалау туралы, сондай-ақ, қаржылық-техникалық жәрдем туралы хаттамаға қол қойылды.
Келісімге сәйкес, жәрдем кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезеңде Қырғыз Республикасына 7,5 миллион АҚШ доллары бөлінетін болады.