АСТАНА, 19 жел — Sputnik. 26 желтоқсан күні Санкт-Петербургте Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысады деп хабарлады Кремль сайты.
ЖЕЭК отырысы мен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында іссапармен болады. Ресей және қазақ көшбасшылары екі жақты және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.
ҰҚКҰ отырысы аясында ЕАЭО елдері мен Тәжікстан басшылары Ұйым бойынша одақтық қарым-қатынастағы өзекті салаларды талқылайды. Жаһандық және аймақтық күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер жөнінде пікір алмасу да жоспарланып отыр. Оның ішінде террорлық және экстремисттік қауіпке қарсы іс-қимыл, есіртікі және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес сияқты тақырыптар қамтылады.