АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Бірқатар мемлекеттік органдарының деректер базасын біріктіру үдерісі аяқталуда, оның қорытындылары бойынша электрондық үй кітапшасы жасалатын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ішкі істер министрлігінде.
Ақпаратта, қазіргі уақытта өз бетімен пәтер иелеріне үйлерінде тіркелген азаматтардың саны туралы анықтауға мүмкіндік жоқ екенін түсіндірді. Алайда, қолдарында азаматтарды тіркеу кітапшалары болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға барып, бұл азаматтарды тіркеуден шығару тралы өтініш бере алады.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарының "Мекенжайлық тіркелім" (АКМ), "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" (ӘМ) және "Тіркеу бекеті Халықты тіркеу мен құжаттандыру" (ІІМ) деректер базасын біріктіру үдерісі аяқталуда. Деректер базасындағы мекенжайлардың дұрыстығын салыстыру арқылы кодтар, анықтамалықтар мен пәтер иелері бойынша мекенжайлық мәліметтер өзектіге айналады. Бұл жұмыстың аяқталуы әр нысанға, пәтерге "электронды үй кітапшасын" арнауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде "резеңке" пәтерлердің иелерін анықтауға, белгілі бір заңды мекенжайда тіркелген азаматтардың санын анықтауға мүмкіндік береді", — деп хабарлады ІІМ-де.
Министрліктің агенттікке берген жауабында атап көрсетілгендей, баспананың меншік иесі де нақты заңды мекенжай бойынша тіркелген азаматтарды тексере алатын болады. Сонымен қатар оларды тіркеуден шығару шараларын да қабылдай алады. Бұл өз кезегінде әкімшілік жауапкершілікке ілігетін адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Өткен жылғы желтоқсанның соңында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды. Атап өткенде, бұл тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу талабы туралы нормаларға қатысты болды.