Қоғам

Сағынтаев: тіркеуді дұрыстап өткізейік деп едік, жер мәселесімен бірдей болды

© Sputnik / Болат ШайхиновБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, жаңа заңнаманы енгізер кезде, қол астындағылар үнемі сол бір "ақпараттық" қателікті жібереді

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Қазақстанда уақытша тіркеу институтын енгізуге жауапты министрліктер мен ведомтстволар Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дүрлікпені өздері тудырып отыр, өйткені халыққа өзгерістердің мәнісін уақытылы түсіндіре алған жоқ. 

Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр - Sputnik Қазақстан
Видео
Қазақстан ХҚКО-ларында мыңдаған адам кезекте тұр

7 қаңтардан бастап Қазақстандағы әрбір азамат тұрып жатқан мекенжайы бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Бұл нормалар 7 қаңтарда күшіне енген экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдарда қарастырылған. 

Яғни, жаңа заң бойынша, баспана иелері онда тұрып жатқан азаматтарды тіркеуге алуға жауапты, бұл норма бұзылған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде тағы бір рет қайталанса, айыппұл көлемі 20 АЕК дейін артады.

Бәрі азаматтар үшін

Бұл арада уақытша тіркеудің халықты бір шыбықпен айдау емес, өркениеттің бүкіл жағдайын пайдаланудан мақұрым қалған ақылсыз пәтер жалдаушыларға қамқорлық екені белгілі болды. 

"Азаматтарды тіркеу институтының негізгі мақсаты – әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін ішкі көші-қон үдерістерін қадағалау. Бұған медициналық қызмет көрсету, білім беру, жұмыс орындарын құру, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жатады", — дейді ІІМ басшысы Қасымов.

Мигранттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР ІІМ уақытша тіркеудің не үшін қажеттігін түсіндірді

Алайда премьер-министрді тіркелушінің мүмкіндіктері қызықтырмады: ол тіркеудің жалпы қалай өтіп жатқандығын сұрады.

"Қазір Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай ахуал орын алғанын көріп отырмыз: толассыз кезектер, жұрттың наразылығы, көптеген сұрақтар, ақпарат толық емес, мемлекеттік органдар түсініктеме беруге тырысып жатыр, алайда оны қабылдап жатқан халық жоқ", — дейді ол.

Және оның себебін өзі түсіндірді.

"Мұнда неғып отырсыздар?"

— Заңға қашан қол қойылды? – деп сұрады ол ішкі істер министрінен.

— Желтоқсанда, — деп жауап берді министр.

— Нешінші желтоқсанда? – деп нақтылады Сағынтаев.

— 28 желтоқсанда, — деп жауап берді Қасымов.

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев: инфляцияны ұстап, қаражатты игеріңдер

— 22 желтоқсанда, — деп түзетті премьер. – Ал, бірінші түсініктемені қашан бердік? ХҚКО-да дүрлікпе басталғанда ғана бердік.

— Иә, рас айтасыз, — деп төмен қарады Қасымов.

— Бұл заңнын адамдарға қатысты екенін білдік. Сол себепті түсінік беруді 22 желтоқсанда бастау керек еді. Сонда ХҚКО-на келген 40 мың адамның 19 мыңы ғана уақытша тіркеуге тұрып, қалғаны жай ғана заңдастырар еді. Бірақ олар бұл күндері келмей-ақ қойса да болар еді ғой? Тұрғын үй қатынастарын бір жыл ішінде заңдасыруға мүмкіндік бар болатын. Мұншалықты дүрлігу де болмас еді. Адамдар не істерін білмегендіктен, ХҚКО-на барды, — деді ол.

Сондай-ақ, премьер-министр неліктен онлайн режимде тіркелуге болмайтынын сұрап, бұл мәселені шешу керектігін алға тартты. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басшысы Данияр Еренчинов ол қызметтің бір ай ішінде жасалатынын айтты.

Сағынтаевтың пікірінше, уақытша тіркеуді енгізу дұрыс әрі қажетті шара, бұған ешқандай дау жоқ. 

"Алайда мәселе бұл жұмысты қалай ұйымдастырғанымызда. Тағы да бұрынғы қателікті қайталап отырмыз: құжатты қабылдап, халыққа тікелей қатысты заңға қол қоямыз, бірақ мәнін ашып түсіндірмейміз", — деді Сағынтаев былтырғы жылғы жер мәселесін еске алып. Сол себепті премьер-министр болашақта осыдан сабақ алып, уақытша тіркеу үдерісін халыққа неғұрылым ыңғайлы етіп ұйымдастыруды тапсырды. 

Жаңалықтар
0