Қоғам

ҚР ІІМ уақытша тіркеудің не үшін қажеттігін түсіндірді

© Sputnik / Алексей ФилипповМигранттар
Мигранттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев тіркелудің қажеттігі жаңа талап емес екенін мәлімдеді

АСТАНА, 7 қаң — Sputnik. ҚР ішкі істер министрлігі ҚР азаматтарының міндетті тіркелуі туралы енгізілген заңнама нормаларын түсіндіріп берді.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, полицияның генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сүйенсек, ішкі көші-қонды бақылау үшін тіркеу жүргізілуде.

"Бұл ішкі көші-қонды бақылап, қай қалада немесе қай ауданда қанша адамның тұрып жатқандығын есептеу үшін қажет. Осы деректердің негізінде жұмыс орындарын ашып, мектеп, ауруханалар құрылысын бастау және инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, полициядан немесе басқа бір органдардың арнайы рұқсаты қажет емес, бар болғаны, тұрғын үйдің иесі рұқсат берсе болды", — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Хабарламада айтылып өткендей, соңғы жылдары пәтер иелері пәтер жалдаушыларды тіркеуге алудан бас тартқандықтан, тіркелуі жоқ адамдар мемлекеттік жәрдем, медициналық қызмет көрсету ала алмай отыр. Соның салдарынан халық өздері тұрмайтын мекенжайларға тіркелуге мәжбүр. 

Танымал қазақстандық актер, каскадер, тележүргізуші Ерден Телемісов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Актер Ерден Телемісов тіркеу туралы күлкілі бейне түсірді

"Мұндай мекенжайларға ондаған, тіпті жүздеген адам тіркелген. Және олардың қайда тұрып жатқандығын ешкім білмейді. Бұл жағдайды қылмыстық элементтер өз пайдасына асыруда. Соның бір мысалы, Ақтөбе мен Алматыдағы оқиғалар", — делінген хабарламада.

Жаңа нормаларға сәйкес, үй немесе пәтер иесі жалға беріп отырған мекенжайға тұрғындарды тіркеуге міндеттеледі. Бір айдан артық уақыт тұрып мекенжайға міндетті түрде тіркелу уақытша тұрғындарға әсер етпейді — "Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы"заңға сәйкес, бұл тұрғындарға үй иесі ақысыз тұруға рұқсат берген азаматтар, яғни туыстар мен келген қонақтар жатады. Сондай-ақ, үй иелері тұрғындарды тіркеуге алмай, пәтерді жалға беретін болса, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бұл бірден кең ауқымды тексерулер жүргізіліп, қатаң жаза қолданылады деген сөз емес. Яғни, тұрған мерзімі бір айдан кем болса, құқық бұзушыға ескерту жасалып, тіркелуге уақыт беріледі. 

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 15-20 минут ішінде тіркеле алады. Ол үшін бұрынғы мекенжайдан тіркеуден шығудың қажеті жоқ, ол автоматты түрде жүзеге асырылады. Және мекенжай өзгерткен сайын жаңа құжат алу да керек емес, өйткені барлық деректер азаматтың жеке куәлігіндегі электронды чипке енгізіледі.

Жаңалықтар
0