АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Танымал қазақстандық актер, каскадер, тележүргізуші Ерден Телемісов Қазақстандағы уақытша тіркеу тақырыбында әзілді бейне түсірді.
Қазақстанда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарды уақытша тұру орны бойынша міндетті уақытша тіркеу енгізілді. Бұл норманы бұзған азаматтарға 10 АЕК (22690) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ бір адам астам уақыт бойы тіркелмеген адам тұрған пәтер иесіне де айыппұл салынады.
Жаңа ережелер Қазақстан Республикасының экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерде көрсетілген.