АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Қазақстанда барлық мектептерде жаппай ата-аналар сағаты өткізілетін ұлттық күн жоспарланып отыр деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
9 Қаңтар 2017, 11:44
"Осы жылы көктемде "Ата-аналар сағаты" ұлттық күнін өткізуді жоспарлап отырмыз. Барлық компаниялар мен мемлекеттік органдардан, жеке сектордан ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұраймыз. Олар осы бір-екі күнде мектептегі ата-аналар жиналысына қатысуы тиіс", — деді Сағадиев сейсенбі күні үкімет отырысында.
Сағадиев атап өткендей, бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі жүйелі негізде орнатылуы тиіс. Ол үшін балалар құқығын қорғау комитеттерінің құзіретін арттырып, оған отбасы және рухани тәрбие мәселесін енгізу қажет.