Өңірлер

Ақмола облысында үй маңындағы гаражда мектеп оқушысы асылып өлді

Жазылу
Өзіне қол жұмсаған бала хат жазып қалдырмаған, мүрдесі мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілді

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Ақмола облысында 16 жасар мектеп оқушысы, алдын ала болжам бойынша, өз-өзіне қол жұмсаған, тексеру жүргізілуде деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Өз-өзіне қол жұмсау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БҚО-да 10 сынып оқушысы асылып қалды

Зеренді АІІБ кезекші бөліміне 7 қаңтар күні хабарлама келіп түсті.

"Өз үйінің жанындағы гаражда 2000 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім асылып өлді. Мүрдесі сараптама жасалу үшін мәйітханаға жіберілді", — деп мәлімет берді полиция.

Облыстық прокуратура Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, өз-өзіне қол жұмсаған 9 сынып оқушысы ауқатты отбасынан шыққан. Өлер алдында хат жазып қалдырмағанына қарамастан, полиция бұл оқиғаны өз-өзіне қол жұмсау деп сипаттап отыр. 


Жаңалықтар
0