АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Павлодарда Толстой және 1 май көшелерінің маңында болған атыс көлік тұрағына байланысты туындаған қақтығыс нәтижесінде орын алған деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
33 жастағы жәбірленушінің берген мәліметі бойынша, сағат 18:00 кезінде қалалық және ювеналді сот алдындағы көлік тұрағына BMW және Lexus көліктерін қою кезінде туындаған қақтығыс осы оқиғаға себеп болған. Lexus иесі мәселені травматикалық қарумен шешпек болыпты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті — Lexus иесін ұстау үшін облыстың және жақын аймақтардың ІІД-нан жеке құрам жұмылдырылды. Ведомствоның айтуынша, күдікті жуық арада ұсталады.