АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Дүйсенбі күні кешке атыс кезінде жарақат алған жігіт Павлодар ауруханаларының біріне жеткізілді деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оның мәліметінше, 1983 жылы туылған азамат ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа деңгейде, бір қалыпты. №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Беті және арқасы травматикалық қарудан жараланған. Бүкіл қажетті ем-шараны қабылдауда делінген денсаулық сақтау бөлімінің баспасөз хабарламасында.
Ресми емес ақпаратқа сәйкес хабарланғандай, дүйсенбі күні Толстой және 1 май көшелерінің төңірегінде, бизнес орталық орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы жерден атылған оқ дыбыстары естілген. Әлеуметтік желі қолданушылары үш рет атылған оқтың дыбысын естігендерін айтады. Қалада "Ұстау" операциясы жүргізілуде. Көшеде полициялар күзетте тұр.