АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Central Asia Monitor газетінің бас редакторы, Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 қаңтарда Астанада өтеді делінген сот қаулысында.
Қаулыға сәйкес, Бигелді Ғабдуллин ҚР ҚК 194 бабы 4 бөлігі 2 пункті бойынша сотқа берілді. Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істері бойынша мамандандырылған аудандық сотының өндірісіне қабылданды.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 15 қарашада Ғабдуллиннің ұсталғанын хабарлаған болатын, кейіннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.