АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бекжан Ыдырысов Қазақстаннан жасырын кетті, бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
Ыдырысов, оның сөзіне қарағанда, мақтаншақтық пен атаққұмарлыққа негізделген заманауи қазақтардың мінез-құлқы мен елді жайлаған жемқорлық туралы үлкен пост жазған.
Өз жазбасын ол: "Кейбір нәрселерді түсіндіретін уақыт келді. Мен Қазақстаннан кеттім. Біржолата, деп үміттенемін. Бұл шешімді мен тез әрі өзім үшін ойламаған жерден қабылдадым…", деп бастайды.
Журналист Бигелді Ғабдуллиннің ұсталуы мен Сейтқазы Матаевқа қатысты шығарылған үкім туралы, сонымен қатар жалпы елдегі жағдай туралы сөз қозғайды.
Ыдырысовтың мәлімдемесіне сәйкес, оның кетуінің басты себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тарапынан жасалған қоқан-лоққы болған. Оларға мәлімдемесінің соңында жүгінген: "Осы жылдар бойы менімен бірге болған баршаңызға, әсіресе Жемқорлыққа қарсы бюроның тергеушілеріне ықпал еткендері үшін үлкен рақмет!".
Бұдан бөлек, сайттың бас редакторы алдын ала бәрін түсіндіріп, қоштасып кетпегені үшін өз әріптестерінен кешірім сұрайды.
"Мен билет алып, Қазақстаннан ұшып кеттім. Дер кезінде үлгеріппін, өйткені қазір прокуратура маған іздеу және ұстау – қызыл жалаушалар шығарып қойды", — деп жазады Ыдырысов.