Қоғам

Бигелді Ғабдуллин қамауға алынды

© Photo : altaynews.kzБигелді Ғабдуллин
Бигелді Ғабдуллин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллин бюджеттік қаражатты бопсалағаны үшін айпыталды.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Бұдан бұрын ұсталған Бигелді Ғабдуллинге қатысты Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының санкциясымен "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды, — деп хабарлады жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметінде.

Ғабидуллин мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізу үшін мемлекеттік бақылау органдарының жетекшілері туралы жағымсыз мақалалар жариялап отырған. Діттеген мақсатына жеткен жағдайда БАҚ-нда олардың қызметі туралы жағымды ақпараттар шығатын болған. 

Кеңсені тінту - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бигелді Ғабдуллин басылымдарының кеңселері тінтілуде

Ведомствоның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын қолпаштап, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-нда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деректеріне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. 

Сот алды тергеу жұмысы жалғасуда.

Жаңалықтар
0