АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Құтқарушылар Ақмола облысындағы тас жолда қалып қойған автокөлікте босанайын деп жатқан әйелді эвакуациялады деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
23 жасар әйелді Атбасар аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, кесар тілігі арқылы сәтті түрде босандырып алды. Жақында жас ананы тұңғышымен ауруханадан шығарады.
Бұдан бөлек, 8 қаңтар күні құтқарушылар Ресей Федерациясы азаматтарын қар басып қалған жолдан құтқарып алды.
Ресейліктер Щучинскіден Омскіге қарай автокөлікпен шығып, Жаңадәуір және Наурызбай ауылдарының арасында қарға батып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жетіп, екі жеңіл көлік пен жеті адамды эвакуациялады. Содан кейін ресейліктерге ыстық тағам беріліп, жылыту пунктеріне жеткізуді ұсынды, бірақ олар бас тартып, үйлеріне қайтуға шешім қабылдады.