Оқиға

Анастасия Волочкова Астана-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалып қойды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАнастасия Волочкова
Анастасия Волочкова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал ресейлік балерина Анастасия Волочкова қар басқан жолмен Астанадан Қарағандыға сегіз сағатта жеткен.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Астанадан Қарағандыға концертке барар жолда Анастасия Волочкова тас жолда тұрып қалды, бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасына жазған. 

"Оқиғасыз өмір зеріктіреді. Бірақ бүгін Астанадан Қарағандыға барар жолда бізге қатты қорқынышты болды. Автобанды қар басып қалып, спектакльге ұзын жолмен баруға тура келді. Боран, бұрқасын басталып, жолды қар басты, тұман. Көліктің терезесінен қарлы аспан мен бораннан басқа ештеңе көрінбейді. Осылайша біз өзге бірнеше көліктер сияқты жарты жолда қалып қойдық. Бекітулі шеңберде қалып қойдық… Өте қорқынышты және суық болды", — деп жазды Волочкова өзінің аккаунтында. 

Видео опубликовано Анастасия Волочкова (@volochkova_art) Дек 20 2016 в 8:58 PST


Прогноз погоды: СНЕГ…💨🙈 А мы где? Уже в Караганде!💃🏼 #волочкова #леди #look #казахстан #буря

Видео опубликовано Анастасия Волочкова (@volochkova_art) Дек 20 2016 в 9:47 PST

Сегіз сағаттан кейін актриса қалаға жетті.
Жаңалықтар
0