АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Қазақстанның "Астана" баскетбол клубы жексенбі күні өз алаңында "Нижний Новгород" командасын 93:84 есебімен ұтты. Бұл ВТБ Бірыңғай лигасы жүйелі кезеңі 11 турының матчы болатын.
Бірінші ширекті алаң иелері үш ұпай басымдықпен ұтты – 31:28, екінші ширекте есеп айырымы бес ұпайға жетті (17:15), үшіншіде "Астана" командасы 25:20 есебімен жеңді. Ойынның соңғы кезеңінде "Нижний Новгород" барын салып, басым түсті (21:20), бірақ бұл оларға жалпылама жеңісті әпермеді.
Бірыңғай лиганың турнирлік кестесінде қазақстандық команда 17 ұпаймен алтыншы орында тұр. Келесі жексенбі 15 қаңтар күні "Астана" өз алаңында "Химки" командасын қабылдайды.