Спорт

"Астана" БК бапкері: "Калев" шабуылы мықты болды

CC0 / PDPics / Баскетбол
Баскетбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 қараша күні ВТБ Бірыңғай Лигасының келесі матчында "Астана" клубы красноярлық "Енисей" командасымен өз алаңында ойнайды.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. "Астана" баскетбол клубының бас бапкері Илиас Папатеодору дүйсенбі күні Таллинде өткен ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты жарысының матчында "Калев" командасынан (84:67) ұтылуға себеп болған қарсыластардың мықты шабуылы деді. 

"Калев" шабуылда мықты ойнады. Қарсыластар өте қиын жерлерден ұпай салып, бізге өз шабуылымызда тойтарыс беру оңай болмады. Нәтижесінде біз бар болғаны екі рет үш ұпайлық салым жасадық – мұндай жағдайда жеңіске жету ықтималдығы өте аз", — деді Папатеодору ВТБ Бірыңғай лигасының ресми сайтында. 

Ал, "Калевтың" бас бапкері Алар Варрактың пікірінше, қазақстандық клубпен ойында баскетболшылары түкке тұрғысыз жерден доптан айырылып қала берген. 

"Жалпы жақсы ойын көрсетті, ойынды өздері басқарды, дегенмен әр түрлі шабуыл жасап үйренгеніміз абзал. Бірақ дайындық кезінде оған қол жеткізу қиын, себебі бәрі команда сапындағы ойыншыларға байланысты", — дейді Варрак. 

20 қараша күні ВТБ Бірыңғай Лигасының келесі матчында "Астана" клубы красноярлық "Енисей" командасымен  өз алаңында ойнайды.

Жаңалықтар
0