АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментіне 8 қаңтарда түнгі сағат 03:55-те Шымкентте жарылыс болып, салдарынан екі қабатты үй опырылды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz
Алдын ала болжам бойынша газ ауаның қоспасы жарылған. Қираған үйдің аумағы 64 шаршы метрді құрайды.
Оқиға орнына құтқарушылар бөлімшесі жеке құрамының 11 адамы және екі арнайы техника келіп жетті. Апаттық-құтқару шаралары барысында төрт адам үйінділер арасынан шығарылған. Олардың арасында бір жасар қыз бала болды. Құтқарушылар үйіндінің астынан баланың әкесін алып шықты. Сол жерден нәрестенің анасы өлі күйінде табылды. Кейіннен тағы екі адамды құтқарып қалу мүмкін болды. Осылайша, үш адам ауруханаға жатқызылған.
Апаттық-құтқару шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің, өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, Апатты медициналық орталығының және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері тартылды.