Өңірлер

Жексенбі күні ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  ауа-райы жауын-шашынсыз болады, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың солтүстігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар жауады, деп хабарланады ТЖ комитетінің ресми сайтында.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жердерінде бұрқасын, тұман болып, түнде желдің күші 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде — бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның басым бөлігінде өткінші суық күтілуде

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде — тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.

Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын байқалады. Қызылорда, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Жаңалықтар
0