АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Қазақстан аумағында 1-9 қаңтарда ауа райы температурасы нормадан жоғары болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазагидомет".
Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, тропосферада (шамамен 5 км биіктікте) орныққан, оңтүстік-батыс ағынымен, Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде.
Бақыланып отырған ауа температурасы осыларға байланысты, ол климаттық нормадан 8-15ºС жоғары.
"Міне, осы жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды, сондай-ақ республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде", — делінген хабарламада. Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.