Әлем

ГФР арнайы қызметтері 7 күн ішінде берлиндік лаңкестің қауіптілігін бағалай алмаған

Жазылу
Кейіннен террористік акт жасаған тунистікті арнайы қызметтер ұзақ уақыт бойы бақылаған, алайда дәлелдердің жеткіліксіздігінен оны ұстай алмаған.

АСТАНА, 6 қаң — Sputnik. Милан қаласының маңында полициямен атыста қаза тапқан, Берлинде террористік акті жасады деген күдікті тунистік Анис Амриден төнген қауіпті талқылау үшін Германия қауіпсіздік қызметтерінің өкілдері 2016 жылы жеті рет кездескен. Соңғы жиын рождестволық базарға шабуыл жасаудан бір ай бұрын өткен, деп жазады РИА Новости Wall Street Journal басылымына сілтеме жасай отырып. 

Бейсенбіде өңірлік парламенттік тыңдауда қауіпсіздік қызметінің өкілдері жариялаған жаңа деректерге сәйкес, неміс арнайы қызметтері Амри төндірген қауіпті бағалауда қателік жіберген. Күшейтілген бақылауға қарамастан, оны ұстау әрекеттері бірнеше рет жүзеге аспай қалған. Өйткені полиция мен прокуратура тунистікке қарсы қолда бар дәлелдерді жеткіліксіз деп санаған. 

Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңы - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР ИДМ: Берлинде зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ

Басылымның хабарлауынша, Амри елге келген босқындардың күрт ағынын пайдаланып, Германия аумағына 2015 жылы келіп алған.  Елде тунистік 14 әртүрлі есімдерді жамылған. Арайы қызметтер Амридің радикалдық көзқарасы туралы алғаш рет 2015 жылы, оның бөлмедегі көршісі күдіктінің телефонында қара киім киіп, қаруланған адамдардың суреттерін көргенін хабарлағаннан кейін білген.  

2015 жылғы желтоқсаннан кейін Амриді бақылай бастағаннан кейін арнайы қызметтер, оның Германияға шабуыл жасау ниетін көздегенін, сондай-ақ ғаламтордан жарылғыш заттарды әзірлеуге қатысты нұсқаулықтар іздегенін білген. 2016 жылғы ақпанда Амри қауіпті радикалды көзқарасты исламистердің тізіміне еніп,  одан кейін арнайы қызметтер тунистіктің жеке басы талқыланған жеті жиын өткізген. 

Қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні кешке Берлинде орын алды. Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңында орналасқан рождестволық жәрмеңкеде жүрген халықты жүк көлігі соққан. Соңғы деректер бойынша, мерт болғандар 12 адамға дейін өсті және 48 адам ауруханаға түсті.


Жаңалықтар
0