Саясат

ҚР ИДМ: Берлинде зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ

© Sputnik / Николай Филяков / Медиабанкке өтуБерлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңы
Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Берлиндегі қазақстандық туристерге қауіпсіздік шараларын ұстану ұсынылды.

АСТАНА, 20 жел – Sputnik. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы ақпарат келіп түскен жоқ, деп жазды өзінің Facebook парақшасында департамент директоры Марат Иғали.

Берлинде жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын ұстанып, адам көп жиналған орындарға бармауға кеңес беріледі. 

Қайғылы оқиға бір күн бұрын түнде Берлинде орын алды. Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңында орналасқан рождестволық жәрмеңкеде жүрген халықты жүк көлігі соққан. Соңғы деректер бойынша, мерт болғандар 12 адамға дейін өсті және 48 адам ауруханаға түсті.


Жаңалықтар
0