Оқиға

Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушының күйіп қалған денесі табылды

© АО "НК "КТЖ"Электр желісі
Электр желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы берілген нұсқа бойынша, оқушы тоқ соғып қаза тапқан

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Атбасарда теміржол жолдарында оқушының күйіп қалған денесі табылды деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында жоғалып кеткен 18 жасар бозбала іздестірілуде

Атбасар АІІБ-іне төртінші қаңтар күні кешке 2001 жылы туылған баланың ата-анасы хабарласты.

"Оқушы күндіз сырғанаққа кеткеннен үйге оралмаған. Полиция іздеуді бастағанда, теміржол жолдарында баланың күйіп қалған денесі табылды. Жасөспірімнің денесінде тоқ соғу белгілері бар", — деп мәлімет берді полиция.

Бастапқы берілген деректер бойынша, оқушы вагондардың арасынан өтемін дегенде электр желісін жанап кеткенге ұқсайды. Нәтижесінде қатты тоқ соғып, сол жерде көз жұмған. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0