АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Ақмола облысында жас жігіт із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды ішкі істер департаменті.
Жарқайың ауданы Пригородное ауылының тұрғыны, 1998 жылы туылған Руслан Зингеров бірінші қаңтар күні 00.15-те үйінен шығып, би кешіне кетеді. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.
Құқық қорғау органдары іздеу шараларын жүргізуде, бағыттамалар жан-жаққа жіберіліп, бозбаланың достарынан жауап алынды. Жоғалып кеткен жігіт бұрын-соңды полиция тіркеуінде болмаған, үйінен де ұзап кетпеген екен. Құтқарушылар, 6636-шы әскери бөлімшесінің әскери қызметкерлері мен еріктілер ауылдың маңайын шолуда.
"Соңғы рет 18 жастағы бозбаланы бірінші қаңтар күні таңертең сағат 10:00-де теміржол вокзалынан көрген. Бірақ ол ешқайда сапар шекпепті", — деді Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат беруші.
Жоғалып кеткен бозбала тоқылған қара бас киім, қара көк күрте, тоқылған көкала свитер, ашық көк түсті джинсы және сұр түсті спорттық аяқ киім киген. Түр-сипаты: бойы – 165-170 см, шашы қысқа, қоңыр. Жүрген кезде бүкірейіп алады, оң жақ көзінің аздап қылилығы бар.