Оқиға

Ақмола облысында қарға батып қалған жедел жәрдем көлігі құтқарылды

© Sputnik / Асем МиржекееваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жедел жәрдем" инфарктқа шалдыққан ер адамды әкетіп бара жатқан

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Ақмола облысында ауыр дертке шалдыққан ер адамды әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі қарға батып қалды деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Жолдағы боран - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ШҚО-да жолда қалып қойған адамдар эвакуациялануда

Астрахань ТЖ жөніндегі бөліміне бірінші қаңтар күні Астрахань орталық аудандық ауруханасы дәрігерінен хабар келіп түсті. Дәрігер көмек сұраған екен – ауыр дертке шалдыққан ер адамды әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі қар басқан тас жолда қалып қойыпты.

Жедел қызметтер тезарада арнайы техниканы жұмылдырып, тас жолды Петровка ауылына дейін тазалады. Науқасты арнайы көлікпен Астана апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне жеткізді. Ер адамды елордалық ауруханаға дер кезінде апарды. 

Жаңалықтар
0