Оқиға

ШҚО-да жолда қалып қойған адамдар эвакуациялануда

© Photo : Пресс-служба ДЧС ВКОЖолдағы боран
Жолдағы боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні құтқарушылар жеті адамды эвакуациялады, олардың ішінде жас сәбилі отбасы бар.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik.  Шығыс Қазақстанда қарлы боранның аяғы аязға ұласты: құтқарушылар көліктері қатып, жолда қалған адамдарды эвокуациялауда. 

"Бірнеше күн бұрын көлік қозғалысын қиындатқан қалың қармен күресіп едік, енді жүріп бара жатқан көліктің жанармайы қатып, бұзылып, адамдар қақаған аязда далада қалуда. Жүргізушілер құтқарушылар келгенше көлікті қыздырып жылына да алмайды. Көліктік құралдарды жолға тастап кеткеннен басқа амал жоқ", — деп хабарлады ШӨО ТЖ жөніндегі департаментіндегі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бейсенбі күні таңертең Шығыс өңірлік жедел құтқару отряды Өскемен-Семей жолынан жүк көлік шопырын қауіпсіз жерге шығарды.

Трассада қозғалыс қиындады: әуелі көлік қарға батып қалып, кейіннен жанармайы қатып қалған. Ер адам құтқарушылардан көмек сұраған, оны Өскемен қаласына жеткізді. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.  

Тура сондай жағдайға Кіндікті-Ақсуат трассасында екі адам тап болды. Автокөлігі сынып қалған жүргізуші көлікті жолда жөндей алмаған. Тарбағатай ауданының құтқарушылары жолда қалып қойған адамдарды жақын жердегі Қызыл Кесік ауылына жеткізді. 

Өскемендегі қалың қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменді қар басқаны үшін коммуналдық компания басшысы жұмыстан қуылды

Семейде бір жанұядағы төрт адам жеке көлігімен Мырзагүл қыстауынан аттанады. Алайда олар трассаға жете алмаған: көлік қарға батып, сынып қалыпты. Көлікте жас сәби болған. Тазартылған жол 12 шақырым қашықтықта екен. Семей құтқарушылар балалы әйелді туыстары күтіп тұрған трассаға дейін жеткізіп салды. 

Шығыс Қазақстанда көптеген қалалар мен аудандарда осымен екінші күн мектеп сабақтары тоқтатылды. ШҚО ТЖД тұрғындарды алыс жолға ертерек дайындалуға шақырады: автокөліктерін тексеру, қажетті заттарды алып шығу, жылы киімдермен қамдану, ыстық шай құйылған термос алып шығу.  

Жаңалықтар
0