Өңірлер

Өскеменді қар басқаны үшін коммуналдық компания басшысы жұмыстан қуылды

© Photo : Социальные сетиӨскемендегі қалың қар
Өскемендегі қалың қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың коммуналдық қызметтері көлік қозғалысына кедергі келтіріп, шатырларды құлатып жатқан қалың қармен күресуде дәрменсіздік танытуда.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. "Өскемен тәртіп" коммуналдық кәсіпорнының директоры қаланы қардан тазартуда қауқарсыздық танытқаны үшін қызметтен босатылды деп жазады жергілікті  YK-news.kz басылымы.

Қар тұрғын үйдің шатыр жақтауын құлатып жіберді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қалың қардан Өскемендегі екі үйдің шатыр жақтауы құлады

Кеңейтілген аппарат жиналысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов қала басшысы Ерлан Аймұқашовтан көшелерді қардан тазарту жөнінде есеп беруді сұрады. Сонымен қатар, 28 қазан күні "Өскемен тәртіп" кәсіпорнының директоры Денис Федченконың "қысқа дайынбыз" деп мәлімдегенін атап өтті.

Өскемен қаласының басшысы Аймұқашов бұл мәліметтің жалған екенін айтқан, ал міндетін дұрыс атқара алмаған Федченко қызметтен босатылды.

Көшелерді қардан тазарту - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қысқы паралич: Шығыс Қазақстанды қар басып, қозғалыс қиындады

"Қазір кәсіпорынды басқа бір адам басқарады. Шын мәнісінде, қар күрейтін 111 көлік бар. Біз қосымша 40 көлік жұмылдырдық. Дүйсенбі күні бір тәулік ішінде 150 мм қар шығарылды: күндіз – 82, түнде 69. Барлығы 6700 куб метрден астам қар күрелді. Бұдан әрі де осындай қарқынмен жұмыс істемекпіз", — деп есеп берді қала әкімі.

Даниал Ахметов Өскемен мен Семей әкімдеріне қалаларды қардан тазартуды тәулік бойы үзбеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0