Оқиға

Қалың қардан Өскемендегі екі үйдің шатыр жақтауы құлады

© Photo : ДЧС ВКОҚар тұрғын үйдің шатыр жақтауын құлатып жіберді
Қар тұрғын үйдің шатыр жақтауын құлатып жіберді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың коммуналдық қызметтері мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр: қалың қар автокөліктер қозғалысын қиындатып, осал тұрған құрылыстарды құлатуда.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik. Қалың қар Өскемендегі екі үйдің шатыр жақтауларын құлатты, метал шыбықтар үзіліп, жақтау кіреберісте салбырап қалды ждеп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Олардың мәліметінше, 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түн бойы жауған қалың қарды Буров көшесіндегі бесқабаттық тұрғын үйдің жақтауы көтере алмай, сынып кеткен. Тұрғындарға төнген қауіпті өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары  арнайы техниканың көмегімен әрең деген де жойды.

Дәл сондай жағдай Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үйде болған, ол жерге де құтқарушылар жедел түрде көмекке келді.

Бұдан бөлек, жұмаға қараған түні Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отрядының құтқарушылары қар астында қалған үш аңшыны құтқарып алды. Жауған қалың қардан ер адамдар үйлеріне қайта алмаған екен. Эвакуация Ұлан ауданындағы Жаңатас аулынан 23 шақырымдай жерде жасалды. 

© Photo : ШҚО ТЖДҚұтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда
1/2
Құтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда
© Photo : ШҚО ТЖДҚұтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда
Құтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда - Sputnik Қазақстан
2/2
Құтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда
1/2
Құтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда
2/2
Құтқарушылар көлікті қар астынан шығаруда

Жаңалықтар
0