Спорт

Джейкобстың бапкері шәкіртінің GGG-ді жеңетініне сенімді

© AP Photo / Rich SchultzДаниэль Джейкобс
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек АҚШ-та 18 наурызда өтеді

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Орташа салмақ дәрежесінде  Әлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бойынша әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобстың бапкері Андре Розье шәкіртінің Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді.

"Джейкобстың күшінен Головкиннің өзі қорықсын. Олардың нокаут көрсеткіші бірдей. Әрі Дэнни Головкинге қарағанда жылдам, аяғымен жақсы жұмыс істейді", — деп мәлімдеді Розье BoxingNews сайтының тілшілеріне сұхбат беріп отырып.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан телеарнасында Головкиннің жанкүйерлері туралы фильм шығады

Джейкобс кәсіби рингте 32 жекпе-жек өткізіп, 29-ын нокаутпен аяқтаған. Ал, Головкин 36 жекпе-жектің 33-інде қарсыласын нокаутқа түсірген.

"Головкиннің жұдырығынан қорқып отырған жоқпыз. Ол кедергі емес. Головкинді өзіміз соққыға жығып, оның қарымта шабуылдарын дарытпай қоямыз. Болжам дейсіз бе? Біз 12 раундтан соң әділқазының шешімімен жеңіске жетеміз", — деді Розье.

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Жаңалықтар
0