АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. 31 желтоқсан күні Алматыда апатқа ұшыраған жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісі мен бір дәрігер жан сақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Нұржан Исабеков Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Фельдшер жабық бассүйек-ми жарақатын алған, кеуде қуысына зақым келген, екі бұғанасы сынған және көп қабырғасы сынып кеткен. Жүргізушінің кеуде қуысы жарқаттанған. Екеуі де жан сақтау бөліміне түсті, сол жерде болып, тексеруден өтті. Қазір жағдайлары орташа, тәуір болып келеді. Травматология бөліміне ауыстырылды", — деді Исабеков.
Оның сөзіне жүгінсек, "жедел жәрдемнің" күл-талқанын шығарған жеңіл автокөлік иесі ауруханаға жатудан бас тартқан екен.