Өңірлер

Қарағанды облысында браконьерлер жаралы арқармен селфи жасаған

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАңшы
Аңшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысының екі тұрғыны Қызыл кітапқа енген жануарды аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Қарағанды облысы Қарағайлы ауылында екі жергілікті тұрғын ұсталды. Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқарды аулап, азаптаған деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Аңшы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында заңсыз аң аулағаны үшін үш прокурор ұсталды

Ведомство мәліметінше, 3 қаңтар күні жорықтық іс-шаралар жүргізу кезінде полицияның табиғатты қорғау қызметкерлері Қарағайлы ауылының шетіндегі мал қорада екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Полицейлер ер адамдардан төрт аңшы иті мен жаралы арқарды тартып алды. Жануар қашып кетпес үшін, аңшылар оның аяғын сындырған екен. Сонымен қатар, олардың ұялы телефоны да алынды, аңшылар жаралы арқармен селфи жасап түсіпті.

"Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдарға қатысты ҚР ҚК 337 бабы 4 бөлігі 2 пункті (Заңсыз аң аулау) бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Қазір де тергеу шаралары атқарылуда. Бірнеше сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0