Өңірлер

Ақмола облысында заңсыз аң аулағаны үшін үш прокурор ұсталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАңшы
Аңшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында прокуратура қызметкерлері заңсыз аңшылық жасады және қызмет орнын пайдаланып қиянат етті деген күдікке ілінді.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Ақмола облысы прокуратурасының үш жауапты қызметкері заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Бас прокуратура баспасөз қызметі.

Оларды 4 желтоқсан күні Бас прокуратура ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстаған.

"Ақмола облысы прокуратурасының үш жауапты қызметкері қызмет орнын пайдаланып қиянат етті және заңсыз аң аулады деген күдікпен ұсталды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айғақтарды жинау бойынша тергеу жұмыстары кешені жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0