АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қытайдың бірнеше аймағында қалың тұманның салдарынан қауіптің ең жоғары "қызыл" деңгейі енгізілді деп хабарлайды РИА Новости ҚХР орталық метеорологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Ең жоғарғы "қызыл" деңгей 3 қаңтарда Пекинде, Тяньцзинде және Хэнань, Хэбэй, Шаньдун, Аньхой провинцияларының бір бөлігінде енгізілді. Кейбір аудандарда көзге көрінерлік қашықтық 50 метрден аспайды.
Агенттіктің хабарлауынша, қызыл деңгей сәрсенбі 4 қаңтар күні кешке дейін сақталады. Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қалың тұманның салдарынан алғаш рет қауіптің қызыл деңгейі енгізіліп отыр.